• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg
  • 8.jpg
  • 9.jpg
  • 11.jpg

Баннерыказ

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ ҚАЗАҚСТАН - 2050 МӘҢГІЛІК ЕЛ САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
state symbols 98d4254b190a96278d8c8c22a81eb09a akorda kk poslanie kaz2050 ru 1322025202 salamatty-azastan

  Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының интернет ресурсына қош келіпсіздер!

Печать

Семинар «Темекінің, насыбайдың, қорқордың пайдасы бар ма?».

Автор: Директор. Posted in Жаңалықтар

   

фото 461

2016 жылдың 25 мамырында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындаАлмалы ауданы Д.А.Қонаев атындағы университет жанындағы колледждің студенттері арасында «Темекінің, насыбайдың, қорқордың пайдасы бар ма?»деген тақырыпта семинар өткізілді. Семинарды колледждің медицина қызметкері Саркитбаева Нағима Оразбайқызы ашты.Темекінің, насыбайдың, қорқордың құрамындағы у-лы заттар ішке тартқан түтін арқылы өкпеге түскен соң денсаулыққа қауіп төндіреді. Улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Ал темекіде, қорқорда және насыбайда синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қан айналым мүшелеріне өтіп, басқа ішкі ағзаларға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны көп қолданғанда тамыр соғуы жиілеп басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысы бұзылады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Сондықтан бұндай заттармен әуестенген жастарға айтарымыз, темекінің, насыбайдың, қорқордың адам өміріне пайдасы жоқ. Семинарда ҚҚ-15-3ҚБ-5, Қ-15-3ҚБ, ҚТ-15-3ҚБ-2, ҚТ-15-3ҚБ-3 факультет студенттеріне темекі, насыбай қолданған адамның өмірі жайында бейнекөріністер, слайдтар көрсетілді.Аурулардың алдын алуға арналған кітапшаларды оқыған студенттің білімі кеңейіп, түрлі жаман әдеттерден сақтанып жүруді деген сенімдеміз. Барлығы 52 адам қамтылды.

Печать

Акция «Фаст-фуд тағамдары-қауіпті».

Автор: Директор. Posted in Жаңалықтар

   

IMG-20160211-WA0033 фото 460

2016 жылдың 24 мамырында АҚСӨСҚО-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектептің 6-8 сынып оқушылары арасында «Фаст-фуд тағамдары-қауіпті»деген тақырыпта акция өткізілді. Акцияны тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Қасымжанов Елдос Серікұлы сөз сөйлеп ашты. Ас адамның арқауы десек те, бүгінгі таңда балаларымыз пицца, чипсы, сэндвичтер, чебуректер, бигмак, шаурма, қуырылған картоп тәрізді т.б. фаст фуд тағамдарын қызығып жейді. Алайда олардың сапасы қандай, құрамында не бар?-деген сұрақтар жайлы ойланбайды. Фаст-фудты көп жарнамалау арқылы арзан бағалармен сатып, әсіресе, жас балалардың тұтынуына ықпал етуде. Ғалымдардың айтуынша, фаст-фудтарды жасау үшін пайдаланылатын еттің түрлері ауру тууына себепші. Өйткені жасанды өнім, транс майлар, маргарин мен консерванттар болғандықтан фаст фудтың құрамында дәрумендер болмайды. Сондықтан бұл тағамдар денсаулыққа зиян, адамды психологиялық, химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады. Балалардың бұған алдануына жол бермеген жөн. Акцияда 6-«а»,«ә»,«б»,«в»,«г», 7-«а»,«ә»,«б»,«в» сынып оқушыларына фаст-фуд тағамдарының зардаптары жайлы слайдтар, бейнекөріністер көрсетіліп, түрлі қоспалардан сақтандырылды.Салауатты өмір салтын ұстану насихатталды, ағартушылық материалдар таратылды. Барлығы 188 оқушы қамтылды.

Печать

Семинар «Темекі шегу мен насыбай қолданудың алдын алу».

Автор: Директор. Posted in Жаңалықтар

фото 458 фото 459

 

2016 жылдың 19-шы мамырында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындаӘуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектептің 8-9 сыныптың оқушылары арасында «Темекі шегу мен насыбай қолданудың алдын алу»  атты семинар өткізілді. Семинарды тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Иманалиева Гүлжан Мұхамадқазқызы ашты. Семинарда оқушыларға насыбай мен темекі қоспаларының, қорқордың қаншалықты адам денсаулығына зиянды екені айтылды. Түрлі ағартушылық материалдар арқылы балаларға бұл жаман әдеттен сақтану мен алдын алу шаралары түсіндірілді, сұрақтарға жауаптар берілді. Слайдтар мен бейнекөріністер көрсетілді. Семинарға 8-«а» және 9-«б» сыныптың оқушылары қатысып, қажетті мағлұматтар алды. Барлығы 53 адам қамтылды.

Печать

Акция «Насыбай мен темекіден сақтан!».

Автор: Директор. Posted in Жаңалықтар

      

фото 456 фото 457

2016 жыдың 18-ші мамырында АҚСӨСҚО-ның ұйымдастыруымен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындаАлатау ауданы №178 мектеп-лицейдің 8-9-шы сынып оқушылары арасында «Насыбай мен темекіден сақтан!»атты акция өткізілді. Акцияда тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Рахимбердина Индира Мейрамбекқызы -қазіргі кезде оқушылар қорқорды(кальянды)  зиянсыз, сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады дегенге сеніп, қолдануды шығарды деді. Алайда қорқордың сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деген өтірік, оған сенбеген жөн. Бүгінгі іс-шара осылайша қорқор(кальян) қолданған қаншалықты зиян,-деген оқушыларды қызықтырған сұрақтан басталды. Қорқор тартатындар туберкулез, ұшық, сары ауруға шалдығады. Қорқор сұйығында ауыз қуысының инфекциялық аурулары - гингивиттер, қызыл иек ісігі, ойық жараларды туындататын бактериялар жиналады. Мәселен, шылымда 0,8 мг, ал қорқордың бір толтырылған шегу қоспасында 6,25 мг никотин болады екен. Британия дәрігерлері бір жұтым қорқор түтінін 100 шылым шегумен теңестірген. Бұл никотинге тәуелділік тудырудың бірден-бір көзі. Қорқордың құрамында қант, түрлі жемісті-иістендіргіш қоспалар концерогендер бөледі, ал бұл қатерлі ісік тудырушы екенін білген дұрыс. Акцияға қатысқан 8-«а»,«ә»,«б»,«г»,«ғ», 9-«а»,«ә»,«б»,«в»,«д»«е» сыныптың оқушылары темекі шегудің, насыбай мен қорқор қолданудың зиянының көп екенін бейнекөріністер мен слайдтарды көріп көз жеткізді. Денсаулыққа пайдасы жоқ бұндай заттармен әуестенудің түкке де қажеті жоқ. Балалардың дендерінің сау болуы өз қолында екені ескертілді. Барлығы 333 адам қамтылды.

Печать

Волейбол жарысы «Салауатты жан, салауатты рух».

Автор: Директор. Posted in Жаңалықтар

     

фото 453 фото 454 фото 455

2016 жылдың 17 мамырында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай, Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының 8- 9-10 сынып оқушылары  арасында «Салауатты жан, салауатты рух»атты волейболдан жарыс болып өтті. Іс-шарада тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Қыпшақова Дариға және АҚСӨСҚО-ның қызметкері сөз сөйлеп, бүгінгі жарысқа қатысушы жас спортшылардың жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі.   Волейболға 9-«а», 9-«ә», 9-«б», 9-«в», 9-«г», 10-«а», 10-«ә» және 8-сыныптың бір құрама командалары қатысты. Бас төреші Жаңабай Иембергенов және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Олжас Байсымақов, Марат Өтенов, Тимур Нұрғалиев төрелік етті. Волейбол ойынына қатысушы 8 команда да, дене мүшелерінің қимылы: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру жаттығуларымен шабуылдап, допты әріптесіне беру арқылы алдап тастау тәсілімен қарсыласының алаңына допты дәл түсірген командалар жеңіске жетті. Тартысты өткен бұл ойында: I-орынды 10-«а» сыныбының командасы,          II-орынды 9-«в» сыныбының командасы, III-орынды  9-«а» сыныбының командалары иеленді. Оларға АҚСӨСҚО-ның атынан мадақтамалар, сыйлықтар, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне алғыс хаттар берілді. Волейбол ойыны арқылы дене қозғалысының нәтижесінде жас спортшыларымыз кординациясын қалыптастыра алады деген ойдамыз. Жарысқа қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және Ерсариев Медет, Тулбаева Назира, Айбасова Гүлнар, Күншыбаева Гүлжауһар, Қуанышбаев Бейбіт, Әкімжанов Жанат сынды мұғалімдерге, барша жанкүйерлерімізге мықты денсаулық, салауатты өмір тілейміз. Барлығы 102 адам қамтылды.

 


 presid government mz egov eisz rcrz gglobal